Доллар 2,36 теңгеге қымбаттады
Доллар 2,36 теңгеге қымбаттады
Фото: vrknews.kz
416
оқылды
 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,36 теңгеге қымбаттап, 449, 22 теңге болды. Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 60 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,96 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір  Алматының ақша айырбастау пункттерінде  доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 452 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге. Ресей рублі 5,85-6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.