Павлодар облысында учаскелік полицей қорада асылып қалған жерінен табылды

Павлодар облысында учаскелік полицей қорада асылып қалған жерінен табылды

Павлодар облысында учаскелік полицей қорада асылып қалған.  Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06.35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті қораның ішінен табылған. Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан. «Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда», — деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.