БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды: қаза тапқан төрт адамның кім екені белгілі болды

БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды: қаза тапқан төрт адамның кім екені белгілі болды

Азаматтық авиация комитеті ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жеткенін, қайғылы оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккенін хабарлаған.  Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бортта болған 6 адамның бесеуі – экипаж мүшесі, бірі – «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі. Қаза болған 4 адамның барлығы – экипаж мүшесі, ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкері. Оқиға Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ  Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.