«AMANAT» партиясы жастарға жаңа мүмкіндіктер жасайды
«AMANAT» партиясы жастарға жаңа мүмкіндіктер жасайды
«AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және БҚО мәслихатына ұсынылған кандидат Архат Исламғалиев Оралда белсенді жастармен жүздесті. Партияның сайлауалды бағдарламасында жастарға қолайлы мүмкіндіктер жасауды жалғастыру көзделген. Өңірде жұмыссыз жастардың үлесін 3,8%-ға дейін төмендету міндеті тұр. «Дипломмен – ауылға!» жобасы шеңберінде 300 жас маманның баспана сатып алуына немесе салуына бюджеттік несие беріледі. «Жастар тәжірибесі» бастамасы негізінде кемінде мың адамды еңбекке тарту жоспарда. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге 2,5%-бен несиелер ұсынылады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жыл сайын оқу гранттарын бөлу қарастырылған.  width= Аймақтағы 200-ден астам елді мекенде спорт нысандары мен секциялары жоқ. Партия  Ақжайық, Бәйтерек, Қазталов, Тасқала, Теректі аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің салынуына ықпал етеді. Сонымен қатар барлық ауданды қоса алғанда 30 спорт алаңын пайдалануға бері жоспарланған. Ал Орал қаласында бір стадион қайта жаңғыртылмақ. Бұл жұмыстардың нәтижесінде халықтың спорттық инфрақұрылымдармен қамтылу көрсеткішін мың адамға шаққанда 65%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік туады. Кандидаттар жастарға осы және өзге де мақсат-міндеттерді түсіндірді.  width= Кездесуде қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев әлеуметтік және білім беру салаларына қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Жастардың біразы тұрғын үйге қол жеткізе алмай келеді. Нарықтағы баға, тіпті алғашқы жарна мөлшерінің өзі тым қымбат. Спикер жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды сұрады. Сонымен қатар студенттерге арналған жатақханалар салу және колледж студенттерінің шәкіртақысын көтеру керегін жеткізді. Снежанна Имашева бұл ұсыныстарды саяси ұйым міндетті түрде жоспарға алатынын айтты. Кандидаттар жастарды ел келешегі үшін үлес қосып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сіздерге партия әрдайым жан-жақта қолдау көрсетуге әзір» деді үміткерлер.  

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді