24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» ел аумағында 24 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға арналған болжамын жариялады. Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.