БҚО-дағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

БҚО-дағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

ТЖМ Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың аты-жөнін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, авиациялық төтенше жағдай кезінде министрліктің төрт қызметкері көз жұмды. Олардың қатарында ұшқыш-нұсқаушы Қанатов Дәулетбай Сабырбайұлы, екінші пилот Афанасьев Владимир Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Андосов Сиязбек Шажалиұлы және жетекші инженер Доскалиев Жәрдем Қуанышқалиұлы бар.

«ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды ведомстводан.
Кеше «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған болатынбыз.