Тоқаевтың тапсырмасы: Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артады
Тоқаевтың тапсырмасы: Ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артады
© Ақорда
217
оқылды
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалы жайында баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудің сапасын одан әрі арттыру, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіру қажеттігіне баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру шараларын көбейтудің, мектептерде тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен бірлесіп апатты және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент ғылым саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жаңғырту шараларын қабылдауды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыруды тапсырды.