Ми-8 әуекемесін пайдаланатын компаниялардың қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
Ми-8 әуекемесін пайдаланатын компаниялардың қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
277
оқылды
Апатқа ұшыраған Ми-8 әуекемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылы 3 мамырда берілген. Тікұшақ 2021 жылы шығарылған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
«Апатқа ұшыраған Ми-8 әуекемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылы 3 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті әуекемесін пайдаланатын әуекомпаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді. Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелері шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады», – делінген жиын қорытындысы бойынша жарияланған хабарламада.