Қамшыбек өзбекстандық Олимпиада чемпионы Жалоловпен жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды

Қамшыбек өзбекстандық Олимпиада чемпионы Жалоловпен жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды

Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Странджа кубогіндегі жекпе-жекке неге шықпағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. 92 келіден аса салмақта өнер көрсететін қазақстандық Софиядағы турнирде Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасу керек болған.

"Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Странджа рингіне шықпады. 1/4 финалда боксшымыз Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен, денсаулығын ойлауы қажет", – делінген хабарламада.