Доллар бағамы 1,26 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 1,26 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар валютасы 1,26 теңгеге арзандап, 1 доллар 447,73 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 ақпанға белгілеген ресми бағамы – 449,22 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448,5 теңгеден сатылуда, сатып алу құны – 452 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,3 теңгеден болса, сатып алу – 450,3 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,75 – 6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,85 – 5,92 теңгеден сатылуда.