Музыкант Darkhan Juzz неден көз жұмғаны белгілі болды

Музыкант Darkhan Juzz неден көз жұмғаны белгілі болды

Darkhan Juzz деген атпен танымал болған қазақстандық музыкант, хип-хоп әнші Дархан Жүнісбеков неден көз жұмғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

«Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Біздің азамат жалдамалы мопедпен келе жатқанда жол-көлік апатына ұшырап қайтыс болды. Консул қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Darkhan Juzz атымен танылған Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.