Астанада жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталады, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл 27 ақпанда елордалық «Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастайды, – деп жазылған хабарламада.Атаулы бағдарламаға кез келген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандық қатыса алады. Тек төмендегі салаларда қызмет етуі керек:
- 1) Білім беру;
- 2) Денсаулық сақтау;
- 3) Мәдениет;
- 4) Спорт;
- 5) Әлеуметтік қорғау;
- Астана қаласы әкімдігіне бағынысты мекемелер;
- 6) Астана қаласының полиция департаменті және оған бағынысты мекемелер;
- 7) Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті және оған бағынысты мекемелер.
- 1) ЭЦҚ кілті;
- 2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.
Егер сіз өтініш бергенде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижесі бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз, – деп жазылған хабарламада.Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асады:
- 1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;
- 2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан тұрғын үй компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (8 800 080-44-48 ҚЖК жедел желі телефоны).