Respublica партиясының сайлауалды туры Шымкент қаласында жалғасты. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, бір аптадан аз уақыт ішінде партия мүшелері 15 000 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Ал республика бойынша өткен жиындарға қатысқан азаматтардың саны қазірдің өзінде 33 000-нан асты. Бір күннің ішінде 3000-нан астам шымкенттік партия идеяларына қызығушылық танытып, бірқатар шараларға қатысты. Бұған дейін партия өкілдері Алматы, Талдықорған, Қонаев, Тараз қалалары мен Сарыөзек елді мекенін аралаған болатын. Қазір партия өкілдері Шымкентте, ертең Түркістанға аттанады. Елдің түкпір-түкпіріндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда. Шымкентте қала жастарымен кездесу өтіп, партия жетекшілері, депутаттыққа үміткерлер 2000 адамдық аудитория алдында сөз сөйлеп, партияның идеялары, мақсаттары мен ұсыныстарын айтты. Партия мүшелерінің орташа жасы 37 жас екенін бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Бұл жас аудиторияны қызықтыратын факторлардың бірі екені анық. Барлық іс-шараларға қатысушылардың 70 пайызын құрайтын жастар. Бұл ретте партия барлық тұрғындармен кездесуге ашық. Жоғарыда аталған жиында партияның тең төрайымы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова ойын былай тарқатты:
«Бүгін біз сіздерге өзіміздің кім екенімізді және неліктен саясатқа бару туралы шешкенімізді айту үшін келдік. Сіздердің алдарыңызда артында өз кәсібі, табыс тарихы бар адамдар тұр. Мәселен, мен 13 жылдан бері ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорынды басқарып келемін. Әрқайсымыз өз тәжірибеміз арқылы елдегі бірнәрсені өзгертуді шын жүректен қалайтынымызды дәлелдеуге тырысамыз. Саяси жүйе бізге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді деп айтады. Бірақ, мен ондай пікірмен келіспеймін. Өйткені, біз ол жерге осы жүйені өзгерту үшін бара жатырмыз. Біз жақсы үйлестірілген командамыз және іс жүзінде нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өзгерістердің өзімізден басталатынын жақсы түсінеміз!», - деді Д.Шүкіжанова.Дәл осы күні Шымкент қаласының тұрғындарымен, оның ішінде зиялы қауым мен бизнес өкілдерімен де кездесу өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты. 25 ақпанда Шымкентте Respublica партиясының жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттардың «Феррум Втор» ЖШС, «Цветмет» ЖШС, «СТ темір» ЖШС металлургиялық кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесуі жоспарланғанын айта кетейік. Сайлау алдындағы тур енді ғана қарқын алып келе жатыр. Партия мүшелері еліміздің барлық аймақтарын аралап, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды. Ал, қазірдің өзінде 25 000-нан астам адам партия қатарына қосылуға өтініш білдірген. Айта кетерлігі, Respublica дәстүрлі үгіт-насихатпен ғана шектелмейді. Сондай-ақ өте ерекше оқиғалар да болып жатыр. Мәселен, Таразда партия жетекшілерімен кездесіп үлгермеген пікірлестер оларды бетпе-бет көріп, сөйлесу үшін жеңіл көліктерімен партияның ReBus автобусын қуып жетті. Оның үстіне оқиғадан кейін партия жетекшілері әлеуметтік желілерде жоспардан тыс тікелей эфирге шығып, барлық азаматтардың сауалдарына жауап берді. Желі қолданушылары ойларын ашық жеткізіп, көкейтесті сұрақтарын жолдап, жауап алды. Партияның республикалық, 20 облыстық штабы ашылғаны да естеріңізде болар. Енді сайлауалды бағдарламамен танысқысы келетін немесе өздерін толғандырған сауалдарына жауап алғысы келетін қазақстандықтардың кез келген уақытта партиямен байланыс орнатуға мүмкіндігі бар. Жиі қойылатын сұрақтар («Партияға қалай кіру керек?», «Дауыс беру қалай және қашан өтеді?») көптеген азаматтардың сайлауға қатысу тәжірибесінің жоқтығын көрсетеді.