Теміртауда алып бала дүниеге келді
Теміртауда алып бала дүниеге келді
1,181
оқылды
Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында нағыз батыр дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы - 5 055 грамм. Қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында. Бұл - Баян Жүрмағанбетованың төртінші баласы. Отбасында екі қыз бен бір ұл бар. Ал төртіншісін 22 ақпанда босанған. Сол күні жүкті әйел толғағы басталып, Теміртау қаласының Көпсалалы ана мен бала орталығына түскен. Бірер сағаттан соң келіншек аман-есен аяқ-қолып бауырына жинап, батырын дүниеге әкелген. Қазір нәресте мен анасы дәрігерлердің бақылауында. «22 ақпанда жедел жәрдем көлігімен жүкті әйел Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығына жеткізілген. Сол күні босанды. Салмағы - 5 055 грамм және бойы 57 сантиметр ер бала дүниеге келді», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы. Баян Жүрмағанбетова дәрігерлерге кәсібилігі және сәбиін аман есен дүниеге алып келуге көмегі үшін алғыс айтты. «Жүктілік кезінде қиын болды, бірақ жеңіл босандым. Дәрігерлер менің күш-жігерімді бақылап отырды, мен табиғи жолмен босандым. Кесарь тілігін жасай ма деп уайымдап едім, бірақ Алла тағала мен дәрігерлердің арқасында бәрі ойдағыдай өтті», - дейді Баян Жүрмағанбетова.