Газ саласындағы сәтті реформалар
Газ саласындағы сәтті реформалар
393
оқылды
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, алдағы кезеңге арналған жоспары мен газ саласы стратегиясын дамыту туралы есеп берілді. Сондай-ақ Санжар Жаркешов газ саласындағы реформаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Президентке халықты табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Қазақстанда 2022-2023 жыл­дардағы жылыту маусымында бұрын-соңды бол­маған көп мөлшерде газ пайдаланылған. Ұлттық компания басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы туралы мәлімет берді. «QazaqGaz» компаниясы Алматыдағы жылу электр орталығына газ құбырын тарту, Бейнеу – Жаңаөзен газ құбырының екінші желісін салу, Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырын кеңейту және басқа да маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысына ұлттық компанияның ресурс базасын ұлғайту және геоло­гиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру үшін жүргізіп жатқан белсенді жұмысы туралы баян­далды. Санжар Жаркешов шығындарды оңтайландыру нәтижесінде былтыр ұлттық компанияның қарызы 26 пайызға азайғанын айтты. Кездесу соңында Президент газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін реформаны жалғастыруды тапсырды.