24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы – Өскемен автожолының 273-шақырымында жол апаты болып, төрт адам зардап шекті. УАЗ Patriot мінген 69 жастағы жүргізуші "жол беріңіз" деген белгіні елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол талғамайтын көліктің салонында бес адам болды, олардың төртеуі түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
"Жол апатын тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп жазды polisia.kz.