Ақтөбе облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Ақтөбе облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды
1,666
оқылды
Ақтөбе облысында жұмысқа кетіп, оралмаған 47 жастағы әйел өлі күйінде табылды.  Полиция қызметкерлерінің мәлметінше, бүгін жедел-тергеу іс-шаралары кезінде аталған жағдайға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен жоғалған әйелдің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды. Осы дерек бойынша,  Қылмыстық кодекстің  99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.