Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы. Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 389-бабы 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.