Абай облысында мас жүргізушінің полицейлерден қашқан сәті бейнебақылауға түсіп қалды
Абай облысында мас жүргізушінің полицейлерден қашқан сәті бейнебақылауға түсіп қалды
Абай облысында мас күйде көлік айдаған жүргізушінің полицейлерден қашқан сәті видеоға түсіп қалды.
Ер адам патрульдік көлікті байқағанда қозғалтқышты іске қосып, қозғала бастаған. 100 км/сағ жылдамдықпен ол Аягөз қаласында жасырынуға тырысқан. Қысқа қуғыннан кейін жүргізуші тоқтатылады. Ол мас күйде ВАЗ 2115 көлігін басқарған 28 жастағы жүргізуші болып шықты. Оның мас күйде болғаны расталды. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.