Оралда Швеция азаматына 690 мың теңге айыппұл салынды

Оралда Швеция азаматына 690 мың теңге айыппұл салынды

Швеция азаматшасы қос азаматтық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Орал стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Швеция азаматшасын Қазақстан   азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұстады.

Көлік полицейлері Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК-нің  496-бабы  2-бөлігі, яғни Қазақстан   заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша, Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 000 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.