Әлем аруына Қазақстанның атынан қандай сұлу барады?
Әлем аруына Қазақстанның атынан қандай сұлу барады?
861
оқылды
Қазір  "Қазақстан аруы – 2022" байқауының жеңімпазы Томирис Кәкімова халықаралық сұлулық байқауына қатысуға дайындалып жатыр.
"Ол басқа елдердің өкілдерімен әлемдегі ең әдемі ару атағы үшін бақ таласады. Томирис шешендік өнерін, талантын дамытуда, сахнада жүруді жаттықтырып, тілдерді үйренуде. Томириске сәттілік тілеп, ол үшін елімізбен бірге жанкүйер боламыз", – дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік,  "Әлем аруы – 2021" байқауына еліміздің атынан "Қазақстан аруы – 2021" байқауының жеңімпазы, ақтөбелік бойжеткен Назерке Қарманова қатысқан еді. Әлемдік сынның финалы өткен жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус салдарынан биыл мәресіне жетіп отыр.