Әуе компаниясының қызметкерлеріне қол көтерген елордалық тұрғынға айыппұл салынды
Әуе компаниясының қызметкерлеріне қол көтерген елордалық тұрғынға айыппұл салынды
498
оқылды
Астана-Шымкент рейсінің тоқтатылуына байланысты әуежайда наразылық білдіріп, әуе компаниясының қызметкерлеріне қол көтерген елордалық тұрғын әкімшілік жауапкершілкке тартылды.
«Бұл істі зерттеу кезінде осы рейспен ұшуы тиіс болған 27 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігі «ұсақ бұзақылық» және 73-2-бабы «ұрып-соғу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. «Ұрып-соғу» бабы бойынша толтырылған хаттама сотқа жолданады, ол сотта қаралады»,  –  деп мәлім етті Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінен.