Мұз басқан Ертіс өзенінде 5 бала құтқарылды
Мұз басқан Ертіс өзенінде 5 бала құтқарылды
387
оқылды
Павлодарда мұз басқан Ертіс өзенін шолу кезінде құтқарушылар бес баланы байқап, шұғыл әрекет жасады,  – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған.
"Бұл  – өте қауіпті. Күн жылына басталғаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы 50 сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін",  – деді Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов.