Жетісуда көлік апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды
Жетісуда көлік апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды
331
оқылды
Жол-көлік оқиғасы 26 ақпанда Панфилов ауданында "Ауди-100" автокөлігінің қатысуымен болды. Неміс иномаркасын басқарған 67 жастағы ер адам Батыс Қытай-Батыс Еуропа автожолының 275 шақырымында, рульге ие болмай, көліктің аударылуына жол берді. Автокөліктің салонында төрт жолаушы болды, олардың бірі, 1962 жылы туған, қайтыс болды және екеуі ауыр жарақат алып ауруханаға жатқызылды.