«AMANAT» еңбек адамын қолдайды
«AMANAT» еңбек адамын қолдайды
Шымкентке «AMANAT» партиясының Республикалық штабының мүшесі жұмыс сапарымен келіп, ақпараттық-насихат жұмыстарына қатысуда. Бүгін Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің консультанты Ардан Аралбай, партияның Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Жанар Бектаева мен Абзал Зейнетаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Бақытжан Позилов және партияның Еңбекші аудандық филиалының төрайымы, қалалық мәслихаттың сайлауына түсетін Альбина Елшиева, партияның Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова «Әлем-БТ» кәсіпорнында болды. Ақпараттық топ кәсіпорын ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ардан Сұлтанұлы еңбек адамының әрдайым беделді екеніне тоқталды.
– «AMANAT» – халықтың партиясы. Біз әрдайым еңбек адамының құқығын қорғауды назарда ұстаймыз. Менің анам тігінші болған. Сондықтан, өндірістегі адамдардың құқығын мүддесін қорғауды, оларға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеруді сайлауалды бағдарламаға енгіздік. Өндірістегі мамандардың денсаулығы мен өмірі сақтандырылуы тиіс. Жаңалықтар өзгерістерден басталады. Ендеше, біздің партия да Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға тың идеямен үміткерлер ұсынып отыр, – деді Ардан Аралбай.
Кездесу көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдау аясында жалғасып, үміткерлер жұмысшылардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. Сұрақтарына жауап берді. Партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева сайлауалды бағдарлама тұрғындардың өтініш-тілектері негізінде жасалғанына тоқталды.
– Біз – ел азаматтарының тыныс-тіршілігін үнемі назарымызда ұстаймыз. Халықпен кездесулер барысында 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жиналды. Барлығы мұқият сарапталып, егжей-тегжей зерттеліп, сайлауалды бағдарламаға еніп отыр. Яғни, азаматтарымыздың мұң-мұқтажы, талап-тілегі толықтай ескерілді деп айта аламыз, – деді Жанар Әлібекқызы.
Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан бұл кәсіпорында шұлық шығарылады. Жұмысы 2015 жылы басталған фабриканың өнімдері еліміздің ішкі нарығымен қоса көрші елдерге де экспортталады. «Әлем БТ» ЖШС-і - отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл қазақстандық шұлық-тоқыма зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары.  

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.