«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Абай облысына келді.
Семей қаласында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып, қала тұрғындарымен сөйлесті. Тұрғындар ТКШ, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сияқты басқа да мәселелерді көтерді.
«Қоғамдық көлік саласын дамыту – еліміздің барлық қаласында өзекті мәселе. Лық толы автобустар, оларды аялдамада сарылып ұзақ күту және тозығы жеткен қоғамдық көліктер тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді», – деп атап өтті Ерлан Қошанов.