ЖСДП жастарды жұмыспен қамту проблемасын көтерді
ЖСДП жастарды жұмыспен қамту проблемасын көтерді
Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі ресми аккаунтынан алынды
Бүгін Талдықорғанда ЖСДП партиясының Мәжіліс сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жалғасты. Социал-демократтардың партиялық тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер Наурыз Сайлаубай Талдықорған кабель зауытының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде сайлаушыларға партия бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Наурыз Сайлаубай жастар арасындағы жұмыссыздық, оның ішінде Neet санатындағы жастарды жұмыспен қамту мәселесін көтеріп, партияның жоспарларын айтып берді.
Іс-шара барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың маңызына да тоқталды.