Қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы ақпарат жалған – Қорғаныс министрлігі
Қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы ақпарат жалған – Қорғаныс министрлігі
© abai.kz
462
оқылды
Қорғаныс министрлігі желіде Қазақстан әскери техниканы Украинаға жіберуде деген ақпаратқа қатысты түсінік берді.
«Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.  Бұл бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео. Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын да хабарлаймыз», – делінген ресми хабарламада.