Бүгінге арналған ауа райы болжамы
Бүгінге арналған ауа райы болжамы
“Қазгидромет” 28 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашын жаумайды. Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігіне Атлантика циклоны ықпал етеді. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Елдің солтүстігінде бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша тұман түседі, жел күшейеді.