Месси жылдың үздік футболшысы атанды
Месси жылдың үздік футболшысы атанды
Фото: instagram.com/leomessi
516
оқылды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасы мен француздық «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды, - деп хабарлады dw.com сайты. Месси спорттық мансабында екінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұған дейін ол сыйлықты 2019 жылы алған болатын. Биылғы номинациялардың тізімінде «Реал Мадрид» ойыншысы Карим Бензема мен Мессидің ПСЖ-дағы әріптесі Киллиан Мбаппе де бар. Өткен маусымда Месси Қатарда  өткен турнирде Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жетіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған болатын.