Ауылдарда 36 медициналық нысан ашылады – «AMANAT» бағдарламасы
Ауылдарда 36 медициналық нысан ашылады – «AMANAT» бағдарламасы
331
оқылды
«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихатқа кандидат Сергей Попов Өскемен қаласындағы №4 аурухананың ұжымымен кездесті. Кандидат медицина қызметкерлерімен кездесуде партиялық бағдарламаның денсаулық сақтау саласына қатысты басымдықтарына тоқталды. Жалпы, облыста 40 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде отыз бір мекеме – мемлекеттік, тоғызы – жекеменшік. Партия алдағы 5 жыл ішінде өңірдің әрбір тұрғынына сапалы және уақтылы медициналық көмек алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. AMANAT
– Өңірде 5 денсаулық сақтау нысаны салынады, оның үшеуі – емхана. Сондай-ақ көпсалалы гематология орталығының құрылысы аяқталады. Ал жөндеуге келетін болсақ, облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы және облыстық мамандандырылған медициналық орталық реконструкцияланады. 2024 жылға дейін ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық нысан ашу және денсаулық сақтау ұйымдарында жыл сайын кемінде 50 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру – партия міндеттеріне кіреді. «Ақ халатты абзал жандар» ретінде халық үшін медициналық көмек мейілінше қолжетімді болсын десеңіздер, «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беріңіздер! – деді кандидат Сергей Попов.
Кездесу соңында еңбек ұжымы тарапынан ұсыныс айтылды. «AMANAT» партиясы медицина қызметкерлерінің өтінішін назарға алады.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді