Мавр Абдуллин Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Мавр Абдуллин Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
596
оқылды
Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің қызметіне тағайындалды. Ол бұрын да осы қызметті атқарып, қала әкімі болып, кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесінің жұмысшысы болып бастаған. 1993-1995 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 1995-2012 жылдары Ойыл аудандық киножелісі дирекциясының директоры, Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2012-2022 жылдары Ойыл, Алға аудандарының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, «Ақтөбе Нефте Газ Строй» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келеді.