Көкшетаудағы Достық үйінің ұжымы мен «АМАNАТ» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың кездесуінде «аутизм» диагнозымен ауыратын балаларды оқыту, жалақыны көтеру және мемлекеттік тілді оқыту сапасына қатысты түйткілді мәселелер талқыланды.
Үміткерлер жиналғандарды қазақстандықтардың 200 мыңнан астам өтініштері мен тапсырыстарына негізделген партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
«АМАNАТ» партиясы – халықтың партиясы. Бүгінде бүкіл елмен бірге өзгеріп келе жатқан жаңарған партия. Біз сайлауға мәселемізді шешетін, өмірімізді жақсартатын бағдарламамен барамыз. Бұл бізге көмек сұрап, ұсыныс білдіргендердің барлығының демеушілігімен жасалған бағдарлама», – деді үміткерлер жиналғандарға.Осылайша, сапалы білім алуға жағдай жасау мәселесіне, балабақшалардың жетіспеуі мен мектептердің толып кетуіне көп көңіл бөлінді. Сайлаушылар қалыптасқан жағдайды реттеу бойынша бірқатар ұсыныс айтты: партия мүшелері балабақшалар мен шағын орталықтардың санын көбейтуді, мектепке дейінгі білім беру үшін қолданыстағы нысандардың қуатын кеңейтуді, барлық өңірлерде бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді, үш ауысымда оқыту және т.б. мәселелерді шешуді көздеп отыр, Айтылған тағы бір маңызды мәселенің бірі – сапалы дәрі-дәрмекпен қамту. Облыста 244 дәрігер жетіспейді. Туберкулезден өлім-жітім көбейіп, бала туу көрсеткіші төмендеген. «АМАNАТ» партиясы әрбір азамат тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуы керек деп есептейді. Партиялықтар жариялаған барлық шаралар 2027 жылға қарай медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту көрсеткішін арттыруға және медицина қызметкерлерінің тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Наталья Нагачевская қоғамдық қабылдауларға жүгінген ақмолалықтардың мәселелерін шешуде партияның рөлін ерекше атап өтті. Кандидат партия тарапынан мәдени мәселелерді шешуге де тоқталды.
«АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар бағдарламасы. Сіздерді «АМАNАТ» партиясымен бірге сайлау учаскелеріне келіп, Жаңа Қазақстан мен жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамыз!» – деп қорытындылады үміткерлер.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.