Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды
Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды
© inbusiness.kz
Жантүршігерлік жол апаты бүгін, яғни  28 ақпан күні таңғы сағат 07.55 шамасында болған. "Ақтөбе – Атырау – Астрахан" тасжолының 492 шақырымында Мақат – Қызылқоға бағытында жол жүріп бара жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. "Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді", –  делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова