Биыл Астана күніне орай қазақстандықтар екі күн қатарынан демалады
Биыл Астана күніне орай қазақстандықтар екі күн қатарынан демалады
© nur.kz
938
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылғы демалыс күнін ауыстыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.
«2023 жылғы 1 шілдедегі демалыс күні сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылады», – делінген Ашық НҚА порталындағы құжат мәтінінде.
Құжатқа түсіндірме жазбада демалыс күнін ауыстыру «мереке күндерінде, сондай-ақ демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында» жүзеге асырылатыны көрсетілген. Осылайша, Қазақстан халқы Астана күніне орай 6, 7 шілдеде демалады. Бес күндік жұмыс аптасының тағы екі демалыс күні қосылады – 8 және 9 шілде (сенбі және жексенбі). Алты күндік аптамен жексенбіге бір демалыс күні қосылады. Құжатты қоғамдық талқылау 15 наурызға дейін жалғасады.