Каспий жағалауынан бірге көмілген 18 адамның қаңқасы табылды
Каспий жағалауынан бірге көмілген 18 адамның қаңқасы табылды
фото: дереккөз
3,347
оқылды
Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды. Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды,  – деп хабарлады halyq-uni.kz. Бұл туралы Дағыстанның республика бойынша Тергеу комитеті департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, ол қалдықтар 30-жылдарға тиесілі болуы мүмкін. Ал Baza Telegram арнасының нақтылауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақүйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Олардың бассүйегінен оқ көлеміндей тесіктер анықталған.