Түркістан облысында 4 күн бұрын жоғалып кеткен аңшы іздестіріліп жатыр
Түркістан облысында 4 күн бұрын жоғалып кеткен аңшы іздестіріліп жатыр
575
оқылды
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен аңшы іздестіріліп жатыр. Өңірдің құтқарушылары жергілікті тұрғынды Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жердегі Арыстанды өзені мен оның жағалауындағы қамыстардың арасынан іздестіріп жатыр. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт күн бұрын Бәйдібек ауданының өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Арыстанды өзенінің жағалауында бір азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, іздестіріліп жатқан ер адам 24 ақпан күні түнгі сағат 22:30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен. photo Серігінің айтуынша, соңғы рет ол қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының 11 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы және 1 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, департаменттің 40 қызметкері мен 3 техникасы, Полиция департаментінен 9 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 10 қызметкер және жергілікті тұрғындар 60 адам жетті. Алайда төрт күндік іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже бермеді. Қазіргі таңда дронның көмегімен 40 шақырымдай жерге шолу жасалуда. photo     photo