Талдықорғанда жол апатынан сәби мен қарт әйел зардап шекті
Талдықорғанда жол апатынан сәби мен қарт әйел зардап шекті
1,171
оқылды
28 ақпанда Талдықорғанға кіре берісте 48 жастағы тұрғын мінген Toyota 4Runner автокөлігі аударылып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында нәресте және қарт әйел бар, зардап шеккен адамдар ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді. Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр.