Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, дауылдан ағаштар құлап, көліктерді басып қалған. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпаннан 27-сіне қараған түні қала аумағында жауған жауын-шашынның салдарынан бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы жиналған. Өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері Абай, Әл-Фараби, Қаратау аудандарында суды шығару жұмыстарын жүргізген.
Авариялық-құтқару жұмыстары Қайтпас-1, Нұртас, Ақжайық, Химфарм, Қазығұрт, Самал – 3 шағын аудандарында жүргізіліп, онда жеке құрамында 35 қызметкер 8 техника мен 8 мотопомпа жұмылдырылған. Жеке тұрғын үйлер мен басқа нысандарда жалпы көлемі 1137 текше метр су шығарылған.Ал, таңғы сағат 07:48-де «112» Құтқару қызметіне Күншығыс ықшамауданындағы көпқабатты үйдің ауласында және Әл-Фараби ауданындағы Түркістан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысында ағаштардың құлағаны туралы хабарланған.