1 наурызға арналған ауа райы болжамы
1 наурызға арналған ауа райы болжамы
443
оқылды
«Қазгидромет» 1 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады. Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.