АҚШ Орталық Азия елдеріне 25 миллион доллар қаржы бөлмек
АҚШ Орталық Азия елдеріне 25 миллион доллар қаржы бөлмек
Энтони Блинкен Орталық Азия елдерімен байланысты нығайту және олардың экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында АҚШ Орталық Азия елдеріне қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.
"Орталық Азия елдеріне олардың экономикалық тұрақтылығын нығайту, ЕО аймақтық сауда байланыстарын кеңейту бастамасы аясында 25 миллион доллар бөлінеді", – деді ол Астанада өткен C5+1 кездесуінен кейін.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алдағы күндері Қазақстаннан өзге Орта Азиядағы 5 елге жұмыс сапарымен барады.
"Әрине, біз салынған санкциялардың салдарын көріп отырмыз. Алайда біз өзгенің есебінен санкция зардабын тартып жатқан елдердің кәсіпорындары мен компанияларына арнайы лицензия береміз. Біз жаңа логистикалық мүмкіндіктерді, экспорттық нарықтарды іздейміз. Орталық Азия елдеріне жаңа серіктестер мен жаңа мүмкіндіктер ашу жолында бар күшімізді саламыз", – деді Блинкен.