Түркиядағы Кахраманмараш провинциясында тағы да жер сілкінісі болды

Түркиядағы Кахраманмараш провинциясында тағы да жер сілкінісі болды

Түркиядағы Кахраманмараш провинциясында тағы екі рет жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Кахраманмарашта Түркия уақытымен кеше кешкі сағат 17:39-да 4,5 және 17:49-да 4,1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы inbusiness. kz сайты хабарлады. Түркияның бірқатар қаласында кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Онекішұбат ауданында сағат 17:39-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі – 9,88 шақырым. Арадан 10 минут өткен соң, яғни 17:49-да күші 4,1 балға жеткен екінші жер сілкінісі тіркелді. Мұның тереңдігі 13,61 шақырым деп жарияланды.