Доллар құны 3,55 теңгеге арзандады
Доллар құны 3,55 теңгеге арзандады
Фото: yakutsk.ru
427
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,55 теңгеге төмендеп, 1 доллар 442,11 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,82 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443 теңге, сатып алу – 446,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,5 теңгеден болса, сатып алу – 444,5 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,8 – 5,85 теңгеден сатылуда.