Жаңа есім. Біздің кандидат

Жаңа есім. Біздің кандидат

Нұрлыбек Даралиев – қоғам белсендісі, спорт жанашыры, жомарт жан. Биылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының үгіт-насихат жұмыстары аясында Нұрлыбек Даралиев көптеген шараларды атқаруда.

«Әр күнім бір-біріне ұқсамайтын ерекше кездесулерге толы. Өзім түлеп ұшқан білім ұясына бардым, ел ағаларының, халықтың батасын алдым, кәсіпкерлермен кездестім. Тілектестік пейіл білдіретін адамдардың көп екеніне көзім жетті. Бұл қолдау мен үшін қымбат. Осы уақытқа дейін ел игілігі үшін көрсетіп те, еш жарияламастан да біраз істер атқарылды. Ел үшін адал еңбек ету – өмірлік ұстанымым», – дейді ол.
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нұрлыбек Даралиев кездесулер барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін сайлауға қатысудың және әр дауыстың маңызды екенін айтуда. Нұрлыбек Даралиев – Атырау қаласының тұрғыны, 1990 жылы туған. Екі жоғары білімі бар білікті маман, еңбек жолын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушыдан бастаған. Нұрлыбек Нұрболұлы – спорт саласындағы жемісті еңбегімен қатар, қайырымдылық шараларға да белсенді қатысушыларың бірі. Пандемия шағында ерікті түрде қызыл аймаққа еніп, ақ халаттылардың адам өміріне араша болуы үшін қолдау білдіріп, оттегі балондарын тарату секілді жұмыстарды ұйымдастырды. Қазіргі таңда «Елін сүйген ерлер» қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Жұмыс барысында аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық мәселелерін шешуде, жұмысқа орналасуына жағдай жасап, бағыт-бағдар беріп, әрдайым жақсы істердің басы-қасынан табылып келеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «Жыл меценаты» деп танылып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді.