Бірнеше өңірде тас жолдар жабылды

Бірнеше өңірде тас жолдар жабылды

Сағат 20:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралығы мен «Өскемен-Семей» тасжолының ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығы жабық. Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығы мен БҚО-дан Қобда ауылына дейінгі аралық жабық. Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында қозғалыс шектелді.