Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia kz. Дереккөздің хабарлауынша, 25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғыны тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді. Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің жазғы ас үйінен табылды. Сот-химиялық сараптамасының актісіне сәйкес, тәркіленген зат героин екені анықталды. Есірткінің ауыр түрі саналатын героиннің жалпы салмағы бір келіден асады. https://youtu.be/ke8lkjNuAec Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жүргізіліп жатыр.