Шымкентте ұлы ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай салмағы 27 келілік кітап жарық көрді.
Ақынның туған жерінде өтетін мерекеге тарту ретінде жасалған бұл ерекше сыйды қаладағы №1 жалпы орта кешкі мектебі мен №167/3 түзету мекемесінің ұжымы бірлесіп ұйымдастырыпты. Кітаптың тұсаукесері №167/3 түзету мекемесінде өтті. Кешкі мектептің ұстаздар қауымы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық кеш ұйымдастырды. Әннен шашу шашты.