Қар, көктайғақ, боран: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қар, көктайғақ, боран: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы
© AFP 2023 / Bulent Kilic
"Қазгидрометтің" хабарлауынша, елордада және республиканың 12 облысында жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. 2 наурызда Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні – 15-20 м/с. Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні – 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында – 23-28 м/с. Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 2 наурызда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде – қарлы боран. Облыстың оңтүстігінде тұман мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде – 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 23 м/с, күндіз екпіні – 15-20 м/с. 2 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. 2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Бүгін түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде екпіні – 23-28 м/с. Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, кейде 23-28 м/с дейін барады. Күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады. Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.