Астанадағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды
Астанадағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды
Елордада тұрғын үй пәтерлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылып, пышақталған әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«26 ақпан күні Астана қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына пәтерден ер адамның денесі табылғаны және пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабар келіп түсті», – делінген ресми хабарламада.
Полиция департаметінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сонымен қатар қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты мәліметтер жария етілмейді.