Доллар мен рубль бағамы төмендеді
Доллар мен рубль бағамы төмендеді
Фото: inbusiness.kz
903
оқылды
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz-тің мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441-445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 442-446 теңге аралығында құбылып тұр. 1 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,99 теңгеге төмендеп, 441, 67 теңге болған. Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы  – 5,88 теңге. Қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,75-6,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.